Icon Created with Sketch. +7 (771) 781-33-45, +7 (771) 218-08-59

Тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн

Қарыз беруі мен қызмет көрсетуінің ережелері

1 Тарау. Жалпы ережелер

1.1. Қарыз беру мен қызмет көрсетудің Ережелері (әр қарай Ережелер) Қазақстан Республикасының әрекет етуші Заңнамасына сай шығарылған.Бұл Ережелер "Moneybox" ЖШС-і (әр қарай Серіктестік) мен жеке тұлғалар болып табылатын Өтінім берушілер/Қарыз алушылардың (әр қарай Өтінім беруші/Қарыз алушы) арасындағы Серіктестіктің қарыз беруіне байланысты қатынасты реттеп отырады.

Ережелер Қарыз Шартының жасасу туралы Өтінім берушінің/Қарыз алушының Өтінімін, Офертасын беруінің шарттары мен Серіктестіктің Офертаға Құптама беруінің тәртібін белгілейді.Сондай-ақ, осы Ережелерде Жақтардың Қарыз Шарттарының шарттары тиісті түрде орындалып отыру үшін қажетті мәлімет бар.

1.2. Серіктестіктің толық аты: "Moneybox" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, қысқа аты: "Moneybox" ЖШС - і.

Заңды мекенжайы : Қазахстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби көшесі 7,5 үй, 101 офис.

Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде тіркеу нөмірі: БСН 170240019219 16.02.2-17 ж.

Ақпараттық - Телекоммуникациялық Ғаламтор желісіндегі ресми сайты: www.moneybox.kz.

1.3. Осы Ережелер танысып шығу үшін барлық тұлғаларға қол жетімді болып, Ғаламтор желіндегі ресми сайтта орналастырылады.Ережелер Жақтар арасындағы жасасқан Қараз шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

1.4. Осы Ережелерді бір жақты тәртіппен Серіктестік өзгертіп, толықтырып отырады әрі осы Ережелерді Серіктестіктің директоры мақұлдайды.

1.5. Осы Ережелердің редакциясы 2017 жылдың 13- ші маусымнан бастап күшіне енеді әрі сол күннен бастап берілетін Өтінімдер / Оферталарға, сондай-ақ, сол күннен бастап жасалатын Қарыз Шарттарына да қатысты қолданылады.

2 Тарау. Терминдер мен анықтамалар

Осы Ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Құптама – осы Ережелерде белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сай Өтінім берушіге/Қарыз алушыға Қарыз сомасын беру арқылы, немесе Қарыз Шартынұзарту арқылы білдіретін Серіктестіктің Өтінім берушінің/Қарыз алушының Офертасының щарттарымен келісуі.

Анкета – Серіктестіктің сайтында тіркелген кезінде Өтінім беруші/Қарыз алушы өз бетінше берген өзі жайлы мәліметі бар құжат.

Сыйақы – бір жылғы соманы ескере отырып, пайыздың үлесі ретінде белгіленген Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарызды пайдаланғаны үшін төлейтін төлем соммасы.

Қарыз Шарты – қайтарымдылық, ақылық, мерзімділік шарттарын қабылдай отырып, Өтінім берушінің/Қарыз алушының Шартты жасасу туралы Офертасына Секріктестік Құптама беру арқылы жасалған Келісімшарт.

Берешек – Қарыз Шартына сәйкес Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестікке төлеуге тиіс барлық ақша сомаларын білдіреді. Бұған Негізгі Қарыз сомасы,есептелген , бірақ төленбеген Қарызды пайдалынылғаны үшін Сыйақының сомасы, айыппұлдар, өсімақылар және Ережелерде/немесе Қараз Шартында қарастырылған басқа да төлемдер кіреді.

Қарыз – кәсіпкерлік істі жүзеге асыруға қатысы жоқ ,тұтынушылық қажеттіліктеріне бағытталған қайтарымдылық, ақылық, мерзімділік шарттарының негізіндегі Қарыз Шартына сай келетін Серіктестік тарапынан Өтінім берушіге/Қарыз алушыға Қазақстан Республикасының валютасымен - тенге, берілетін ақша сомасы.

Өтінім беруші/Қарыз алушы – Өтінімінде білдірген ұсыныстың (Офертаның) негізінде Серіктестік Қарыз Шартын жасасатын жеке тұлға.

Өтінім – үлгісі Серіктестіктің ресми сайтында орналастырылған Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестікке Қараз Шартын жасасу туралы ұсыныс жасау түріндегі Офертасы бар құжат.

Тіркеу нөмірі – Өтінім беруші/Қарыз алушы өзі берген әрі Сайтта Өтінімді жасау кезінде немесе орнатылған рәсімге сай одан кейін жасалған Өтінімнің деректері өзгертіліп жатқан кезде Өтінім берушінің/Қарыз алушының өзі растаған оның ұялы телефон нөмірі.

Тіркелген пошталық жәшік – Өтінім беруші/Қарыз алушы Сайтта Өтінімді беру кезінде немесе орнатылған рәсімге сай одан кейін жасалған Өтінімнің деректері өзгертіліп жатқан кезде берген өзінің электрондық пошта адресі.

Лимит – Өтінім беруші/Қарыз алушы ала алатын ең жоғарғы сома. Лимитті Серіктестік Өтінім берушіден/Қарыз алушыдан алған мәліметке қарай өз бетінше орнатады. Серіктестік Лимитті барлық Өтінім берушілер/Қарыз алушылар үшін немесе жеке әрқайсысы үшін кез келген уақытта бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Лимитті қою арқылы Серіктестікке Өтінім берушімен/Қарыз алушымен Қарыз Шартын жасасу жауапкершілігі жүктелмейді және Қарыз Шартын жасасу үшін Оферта берген кезде Өтінім берушіні/Қарыз алушыны ақпаратандыру мақсатымен жасалған.

Жеке кабинет – Өтінім берушінің/Қарыз алушының Қарыз алу мен қайтаруға байланысты әрекеттеріне арналған, сондай-ақ, Қарыз Шарты туралы ақпаратты алу мақсатына бағытталған көпшілік кіре алмайтын сайттың бөлімі.

Логин – Жеке кабинетке кіруді қамтамасыз ету мақсатымен Өтінім берушіні/Қарыз алушыны сәйкестендіру үшін қолданылатын Өтінім берушінің/Қарыз алушының тіркелген пошта адресіне немесе ұялы телефон номеріне сәйкес келетін таңбалық белгілеу.

Негізігі қарыз – Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестіктен Қарыз Шарты бойынша алған, алайда төлемеген (өтемеген) Қарыздың бөлігі.

Оферта – Өтінім берушінің/Қарыз алушының Серіктестікке жіберген Өтінім түріндегі осы Ережелердің шарттарына сай Қарыз Шартын жасасу туралы немесе Қарыз Шартын ұзарту туралы ұсынысы.

Құпиялылық саясаты – Өтінім берушінің/Қарыз алушының жеке деректерінің алынуы, сақталуы мен өңделуінің тәртібін белгілейтін әрі Серіктестік мақұлдаған құпиялы құжат.

Құпиясөз – Өтінім беруші/Қарыз алушы сайтта тіркелу кезінде немесе кейін көрсеткен әрі Жеке кабинетке кіруді қамтамасыз ету мақсатымен Өтінім берушіні/Қарыз алушыны сәйкестендіру үшін қолданылатын құпиялы таңбалық белгілеу.

Ережелер – Қарызды беру мен қызмет көрстудің осы Ережелері .

Пролонгация – Қарыз Шартының мерзімінің ұзартылуы.

Тіркеу – Өтінім берушінің/Қарыз алушының профил құру үшін және Өтінім берушіні/Қарыз алушыны сәйкестендіру үшін Серіктестікке қажетті мәліметті жіберу процесі.

Сайт – www.moneybox.kz деген адресі бар Ғаламтор желіндегі ресми сайт.

СМС-код – "Электрондық құжат және электрондық цифрлы қолтаңба туралы Заңның Қазақстан Республиканың Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес Өтінім берушіге/Қарыз алушыға СМС-хат арқылы жіберілетін жеке құпиялы таңбалық код. СМС-кодты Серіктестікпен арақашықтықта қатынасу кезінде Өтінім беруші/Қарыз алушы қолын қою үшін қолдана алады. Жүйе Өтінім берушінің/Қарыз алушының атында бекітілген құпиясөз бен СМС- кодтың мәліметінің құпиялылығының сақталуын қамтамасыз етеді.Бұл деректер Серіктестік қабылдаған ақпараттық қауіпсіздікке сай Серіктестіктің өкілетті қызметкерлеріне ғана қол жетімді.

Сәкестендіру құралы – Жеке кабинетке кіру үшін қажет болатын, сондай-ақ, Жеке кабинетті қолдану кезінде Өтінім берушні/Қарыз алушыны сәйкестендіруге арналған Логин мен Құпиясөз.

Жақтар – бірге Серіктестік пен Өтінім беруші/Қарыз алушы деп аталады.

Шот – Офертаға, Қарыз Шартына және осы Ережелерге сай серіктестік Қарыз сомасын аударатын Өтінім берушіге/Қарыз алушыға тиесілі әрі оның атына ашылған банк шоты немесе банк картасы.

Серіктестік – Өтінім берушінің/Қарыз алушының Офертасына Құптама беру арқылы Қарыз Шартын жасасқан "Moneybox" ЖШС-і.

Есептік жазба – Сайтта Өтінім берушіге/Қарыз алушыға қатысты электрондық тізілімнің жазбасы. Соның ішінде Өтінім берушінің/Қарыз алушының өзі жайлы, сайттағы әрекеттері жайлы, сондай-ақ, авторизациялау үшін сәйкестендіретін мәліметтер бар.

Қарыз Шартының немесе/және Өтінімнің/Офертаның мәтінін дәл түсіну мүмкін болмаған жағдайда бірінші кезекте, осы Ережелерде, ал екінші кезекте, Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген түсініктердің анықтамаларын ескерген жөн.

3 Тарау. Қарыздың параметрлері

3.1. Қарыз валютасы - Қазақстан Республикасының тенгесі.

3.2. Серіктестік тұтынушылық Қарызды мерзімділік, ақылық пен қайтарымыдылық принциптерінің негізінде береді.

3.3. Серіктестік Өтінім берушіге/Қарыз алушыға 5000 (бес мың) тенгеден 200 000 (екі жүз мың) тенгеге дейін 5(бес) күннен 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге қолда жоқ ақшаны береді.

Өтінім берушіге/Қарыз алушыға Қарыздың берілуі келесі жолдармен жүзеге асырылып отырады:

  1. Өтінім беруші/Қарыз алушы алғашқы жүгінген кезде Қарыздың сомасы 5000 (бес мың)тенгеден кем болмайды және 15000 (он бес мың) тенгеден аспайды.
  2. Өтінім беруші/Қарыз алушы екініші рет жүгінгенде, Қарыз сомасы сомасы 5000 (бес мың) тенгеден кем болмайды және 30000 (отыз мың) тенгеден аспайды.
  3. Өтінім беруші/Қарыз алушы келесі жүгінген жолдары Қарыз сомасы сомасы 5000 (бес мың) тенгеден кем болмайды және 200000 (екі жүз мың) тенгеден аспайды.

3.4. Өтінім беруші/Қарыз алушы Офертада белгілеген Қарыз сомасы мен Сыйақыны, сондай-ақ, Қарыз қайтаратын мерзімді көрсетеді. Серіктестік дұрыс деп тапқан критерияларды, сондай-ақ, Өтінім беруші/Қарыз алушы берген мәліметті ескере отырып, өз бетінше Қардың берілу-берілмеуінің мүмкіндігін анықтайды.

3.5. Жақтар басқа келісімшартты құруды жөн көрмесе, берілген Қарыздың сомасынан сыйақы күніне 1,75 % болып табылады.

4 Тарау. Қарызды алу үшін жүгінудің тәртібі

4.1. Серіктестік Өтінім берушнің/Қарыз алушының Өтінімін келесі шарттарды орындаған жағдайда ғана қарастырады :

4.1.1. Өтінім беруші/Қарыз алушы Қазақстан Республикасының азаматы болу керек;

4.1.2. Өтінім беруші/Қарыз алушы 18 жасқа толған, алайда 68 жастан аспаған болу керек;

4.1.3. Өтінім берушнің/Қарыз алушының Қазақстан Республикасының аймағында тұрақты теркеуі болу керек;

4.1.4. Өтінім беруші/Қарыз алушы құқық- іс-әрекет қабілеттілігіне, яғни, Оферта жіберу арқылы Қарыз Шартын жасасу үшін қажетті әрі жеткілікті құқықтар мен өкілеттерге ие болу керек;

4.1.5. Қазақстан Республикасының аймағында Өтінім берушінің/Қарыз алушының атына тіркелген ұялы телефоны болу керек;

4.1.6. Несиелерді мен басқа Қарыздырды есептемегенде, тұрақты кірісі болу керек;

4.1.7. Қазақстан Республикасының банктерінің бірінде өз атына ашылған банк шоты, Төлем банк катасы болу керек .

Жоғарыда айтылған талаптардың бірі орындалмаса, Серіктестік Өтінім берушіге/Қарыз алушыға Қарызды беруден бас тартуға құқылы.

4.2. Қарыз Шарты Серіктестік Өтінім берушінің Қарыз алушының Офератсына Құптама беру арқылы жасалады.

4.3. Оферта Серіктестік орнатқан түрде әрі Серіктестіктің сайтында орналастырылған үлгіге сай құрылады.

4.4. Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестікке Қарызды алу туралы Офертаны алғашқы жібергенде, оған 5000 (бес мың) тенгеден аспайтын Қарыз сомасы беріледі. Кайтадан жүгінгенде (екінші рет және әрі қарай), бұрын Серіктестікпен Қарыз Шартын жасасқан әрі өз міндеттемелерін тиісті түрде, яғни толығымен әрі Қарыз Шартында көрсетілген мерзімнің ішінде орындаған болса, Өтінім берушгеі/Қарыз алушыға 200000 (екі жүз мың) тенгенің көлемінде Қарыз берілуі мүмкін.

4.5. Офертаның формасы алдын ала белгіленген әрі Өтінім беруші/Қарыз алушы Өтінімде көрсеткен мәліметке сай толтырылады. Қарыз сомасы мен Қарыз Шартының мерзімділігінің жарамдылығын Өтінім беруші/Қарыз алушы өзі Офертада белгілейді. Қарыз Шартын жасасқысы келіп жатқан Өтінім беруші/Қарыз алушы несиелік калькулятор арқылы Қарыз сомасы мен Қарыз мерзімін алдын ала белгілеп алу керек және Өтінімді/Офертаны берген кезінде оны растауы/толтыруы қажет.

4.6. Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз Шартында көрсетілген мерзім мен тәртіпке сай берілген Қарыз сомасын және Қарызды пайдаланғаны үшін есептелген Сыйақыны қайтаруды міндет етеді.

4.7. Қарызды алмақшы Өтінім беруші/Қарыз алушы сайтта орналастырылған Анкетаны толтыру арқылы сайтта тіркелуі керек. Осыны істеген жағдайда, Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестікке келесідей мәліметті беруге келіседі: аты - жөні мен әкесінің атын, жынысын, туылған жылы мен жерін, жеке куәліктгінің деректерін, ЖСН (ИИН), мекенжайын, отбасылық жағдайын, жұмыс жағдайын, бір айлық кірісінің көлемін (айлық, стипендия, зейнетақы және т.б.), бір айлық кірісін алатын күнін, тұрып жатқан аймағын, тіркелген жерінің мекенжайын, ұялы телефон нөмірін, үй телефон нөмірін (бар болса), жұмыстағы телефон нөмірін, электрондық паштасын, иесінің аты-жөні жазылған банк картасының алдыңғы бетінің фотосуретін.

4.8. Қарызды алу таралы Өтінімді бергенде, Өтінім берушіге/Қарыз алушыға төменде көрсетілген жолдардың бірін таңдап алу ұсынылып жатады:

  1. Қарызды алу туралы Өтінімді берген кезде өзінде бар болу керек Атаулы Төлем банк картасына ақша адарылу жолы;
  2. Қарызды алу туралы Өтінімді берген кезде өзінде бар болу керек өз атына ашылған банк шотына ақша адарылу жолы;

4.9. Өтінім беруші/Қарыз алушы келесі шарттармен келіседі:

4.9.1. Серіктестік оның жеке деректерін өңдейді. Өтінім беруші/Қарыз алушы жеке деректерін Серіктеістікке Қазақстан Республикасының Заңнамасының жеке деректерді қорғау туралы туралы Заңына сай Сайт арқылы СМС-хаттармен , ауызша не жазбаша, не болмаса, байланысу құралдардың кез келген түрімен, өз еркімен, өз бетінше әрі өз мүддесі үшін беріп отырады. Жеке деректерді өңдеу деп отырғанымыз Қарыз Шарты бойынша уақытынан асырылған берешекті қоса алғанда, жасасқан Қарыз Шартының аясында Серіктестіктің жинау, сақтау, өзгерту, толықтыру, қолдану, тарату, дара биліктен айыру, оқшалау мен жеке деректерді жою мақсаттарына бағыттылған әрекеттері болып табылады;

4.9.2. Қарыз Шартын жасасу не Қарызды беруден бас тарту мақсаттарымен, немесе Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз Шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қарыз шартына сәйкес тиесілі ақша сомаларын соттық не сотқа дейінгі тәртіппен өндіріп алу үшін жеке деректері қолданылады.

4.9.3. Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз Шарты бойынша барлық міндеттемелерін толық орынадамайынша, Серіктестік алған жеке деректердің бәрін қолдана беруге құқылы. Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестіктен жарнамалық ақпаратты, Серіктестіктің қызметтері мен акциялары туралы мәліметті алып отыруға келіседі.

4.9.4. Серіктестік Өтінім берушyнің/Қарыз алушының төлемқабілеттілігіне көз жеткізу мақсатымен кез келген үшінші жақтан деректерді жинауға құқылы.

4.9.5. Серіктестікке несие бюроларынан Өтінім беруші/Қарыз алушы туралы мәліметті алуға, сондай-ақ, Серіктестіктің Өтінім беруші/Қарыз алушы туралы несие бюроларына несиелік есепті жіберуіне Өтінім берушyнің/Қарыз алушының рұқсаты берілген .

4.10. Cайтта Анкетаны толтыру кезінде (тіркелу) Өтінім беруші/Қарыз алушы көрсеткен байланысу деректердің шынайлығын растау үшін Серіктестік Өтінім берушінің/Қарыз алушының ұялы телефонына жіберген арнайы кодты Серіктестіктің сайтында күшіне енгізу керек.

4.11. Егер Өтінім беруші/Қарыз алушы осы Ережелерде айтылған шарттарға сай Қарызды алуға келіссе, ол Серіктестіктің сайтында Серіктестікке Оферта жіберу арқылы Қарыз Шартына қол қоюға деген келісімін растау қажет.

4.12. Өтінім беруші/Қарыз алушы мен Серіктестік Қарыз Шартымен танысып шыққаннан кейін былай деп келісті: Қазақстан Республиканың Азаматтық Кодексінің 395 бабының ережелеріне сай, Егер Өтінім берушіні/Қарыз алушыны сәйкестендіретін мәліметі (Қазақстан Республикасының жеке куәліктің деректері,ЖСН,Өтінім берушінің/Қарыз алушының тіркелу жері, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта адресі ) бар Оферта Өтінім берушінің/Қарыз алушының қолтаңбасының баламасымен тиісті түрде қол қойылған әрі арнайы кодпен расталған.

4.13. Серіктестік алған Офертаны Өтінім беруші/Қарыз алушы қайтарып ала алмайды.

4.14. Өтінім берушінің/Қарыз алушының Офертасына Құптама бермейінше, Серіктестік осы Ережелерде қарастырылған қызметтерді көрсетіп, ешқандай міндеттеме атқаруға міндетті емес.

4.15. Серіктестік Қарыз Шарты бойынша кез келген үшінші жаққа талап ету құқығын толық , не қандай да бір шамада тапсыруға құқылы. Солай болған жағдайда:

4.15.1. Серіктестік сондай үшінші жаққа, сондай-ақ оның агенттері мен оның атынан билік берілген басқа да тұлғаларға талап ету құқығын тапсыру үшін Қарыз, Берешек пен Өтінім беруші/Қарыз алушы туралы қажетті мәліметті ашуға, Қарызға қатысты құжаттарды, оның ішінде Өтінімді де, беруге құқылы.

4.15.2. Серіктестік Қарыз Шарты бойынша талап ету құқығын толық, не қандай да бір шамада тапсырған тұлға не Серіктестік, сондай-ақ, оның агенттері мен оның атынан билік берілген басқа да тұлғалар талап ету құқығының тапсырылғандығынан хабардар ету үшін Өтінім берушіге/Қарыз алушыға (Қарыз Шарты бойынша Серіктестік тапсырған талап ету құқығына қатысты тиісті құжаттарды да қосып ) тапсырылған талап ету құқығына қатысты төлемедерді өтеудің есебі көрсетілген хабарламаны қолма-қол береді/жібереді. Осындай жағдайда Өтінім беруші/Қарыз алушы тапсырылған талап ету құқығына қатысты өз міндеттемелерін хабарламада көрсетілген тәртіпті ұстану арқылы әрі көрсетілген шотқа ақша аударып отыру арқылы орындау керек.

4.16. Серіктестік Өтінім берушінің/Қарыз алушының пайдасы үшін Офертаның/Қарыз Шартының шарттарын бір жақты тәртіппен өзгертіп отыруға құқылы.

5 Тарау. Қарыз шартын жасасуға арналған офертаны қарастыру тәртібі

5.1. Серіктестік Өтінім берушyнің/Қарыз алушының Офертасында көрсетілген шарттар бойынша Қарыз сомасын беру-бермеу туралы шешімді Өтінім беруші/Қарыз алушы Офертасын жіберген күннен 5 (бес) жұмыс күнінен асырмай қабылдайды.

5.2. Серіктестік Қарыз сомасын беру-бермеу туралы шешімді Өтінім берушінің/Қарыз алушының Офертасының негізінде, не болмаса Өтінім берушіні/Қарыз алушы берген кез келген мәліметтің негізінде қабылдайды.

5.3. Серіктестік Өтінім берушіге/Қарыз алушыға Қарызды келесі жағдайларда бермеуге құқылы:

5.3.1. Қарыз қайтарылмайды деген тұжырым жасауға негіз болса. Осындай тұжырымды Өтінім берушінің/Қарыз алушының Серіктестікке берген мәліметінен көрініп, оның төлеуге қабілетсіз екені анықталуы мүмкін;

5.3.2. Өтінім берушінің/Қарыз алушының жеке деректері осы Ережелерде көрсетілген Қарызды берудің талаптарына сай келмесе;

5.3.3. Өтінім беруші/Қарыз алушы берген жеке деректері шынайы болмаса;

5.3.4. Өтінім беруші/Қарыз алушы алдында алған Қарызды толық қайтармаған болса (оның ішінде Өтінім берушy/Қарыз алушы қайтадан Қарызды алу үшін жүгінгенде, алдында алған Қарыздың қатару мерзімі келмеген жағдай да кіреді);

5.3.5. Өтінім берушyнің/Қарыз алушының несиелік тарихы Өтінім берушінің/Қарыз алушының үшінші жақтардың алдында өз міндеттемелерін дұрыстап атқармағандығын аян етіп жатса;

5.4. Серіктестік Өтінім берушіні/Қарыз алушыны Қарызды беру-бермеу туралы қабылдаған шешімінен кез келген қол жетімді жолмен, оның ішінде Өтінім беруші/Қарыз алушы Өтінімде көрсеткен электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

5.5. Қарызды беру-бермеу туралы шешмді қабылдау үшін Серіктестік Өтінім берушіден/Қарыз алушыдан кейбір құжаттарды беруді талап етуге құқылы әрі Өтінім берушы/Қарыз алушы оларды info@moneybox.kz деген Серіктестіктің сайтына түпнұсқадан сканерлеп алып жіберуге міндетті:

5.5.1. тұлғаны сәйкестендіретін құжат;

5.5.2. Өтінім беруші/Қарыз алушы несие бюроларына мәліметті беруге рұқсат беретін әрі Өтінім берушyнің/Қарыз алушының қолы қойылған қағаз түріндегі Рұқсат қағазы;

5.5.3. Өтінім беруші/Қарыз алушы несие бюроларынан мәліметті алуға рұқсат беретін әрі Өтінім берушінің/Қарыз алушының қолы қойылған қағаз түріндегі Рұқсат қағазы.

6 Тарау. Офертаға құптама берілу мен қарыз берілуінің тәртібі

6.1. Серіктестіктің Құптамасы Серіктестіктің Офертаның шарттарымен келісетінін білдіреді. Қазақстан Республикасының Заңнамасына сай, Құптама Қарыз Шартын жасалғанына тең әрі бұл Жақтардың Қарыз Шартын жасқанын білдіреді.

6.2. Офертаға Құптама берілген жағдайда, Серіктестік 4 тарауда айтылған шарттарды ескере отырып, Офертада көрсетілген ақша сомасын бір жолғы төлеммен Өтінім беруші/Қарыз алушы көрсеткен Шотқа ақша аудару арқылы Қарызды беруді міндетенеді.

6.3. Қарызды алайын деп жатқан кезде Өтінім берушінің/Қарыз алушының өз атына тіркелген Төлем банк картасының банк шоты болу керек.

6.4. Серіктестіктің банк шотынан Өтінім берушіге/Қарыз алушыға ақшалай қаражат аударылған күн Қарыз берілген күн болып есептеледі. Осы уақыт Серіктестік Офертаға Құптама берген болып табылады. Сол күннен бастап Қарыз Шарты жасалған болып саналады әрі Жақтар Қарыз Шартына сай міндеттемелерін толық орындамайынша өз күшінде қала береді.

6.5. Өтінім берушінің/Қарыз алушының банк шотына ақшаның аударылуы 5(бес ) банктік күннен аспайды.

6.6. Жақтар Қарыз Шартының аясындағы барлық төлемдерді қолда жоқ ақшамен жасайды.

7 Тарау. Сыйакының есептелуінің тәртібі

7.1. Қарызды пайдалынғаны үшін Өтінім беруші/Қарыз алушы осы Ережелердің 3,5 ережесіндегі мөлшерлемеге сай есептелген әрі Офертада/Қарыз Шартында көрсетілген Сыйақыны Серіктестікке қайтаруға тиіс.

7.2. Қарызды пайдалынғаны үшін Сыйақы Қарыз алғаннан келесі күннен бастап Қарыз қайтарылған датаға дейін есептеледі.

7.3. Қарызды пайдалынғаны үшін Сыйақы Осы Ережелерде және Қарыз Шартында айтылған шарттардың негізінде бір жолғы төлеммен негізгі Қарызды қайтару кезінде төленеді.

7.4. Қарызды пайдалынғаны үшін Сыйақыны септегенде күндердің саны нақты биылғы жылдың күндерінің санына сайма-сай келеді: 365 не 366, күнтізбелік айдың күндерінің саны - сол айдың күнтізбелік күндерінің нақты санына сай болады.

7.5. Қарызды пайдалынғаны үшін Сыйақы Серіктестіктің сайтында орналастырылған несиелік калькулятор есептеп шығарған күннен бастап осы Ережелердің 3,5 ережесінде көрсетілген мөлшерлемеге сай есептеледі.

Серіктестік Өтінім беруші/Қарыз алушы Офертада көрсеткен Қарыз сомасы мен қатару мерзіміне, Өтінім берушінің/Қарыз алушының несиелік тарихына, сондай- ақ, басқа да бұдан бұрын жасасқан әрі Өтінім берушінің/Қарыз алушының уақытылы қайтарған Қарыздарына қарай әрбір жеке тұлға үшін Қарызды пайдалынғаны үшін Сыйақының мөлшерін өзгерту құқығын өз құзырында қалдырып отыр.

Сыйақыны азайту Қарыз Шартында қатал дербестендірілген, Қарыз шартына сай Сыйақыны азайту туралы өтініш ешқандай түсіндірместен жоққа шығарылуы мүмкін.

8 Тарау. Қарыз бен сыйақының қайтарылуының / өтелуінің тәртібі

8.1. Өтінім беруші/Қарыз алушы Офертада орнатылған Қарыз мерзімі аяқталған кезде Қарыз сомасын мен есептелген Сыйақыны қайтаруды міндетенеді.

8.2. Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестікке хабаландармастан өзінің банк шотынан Қарыз сомасы мен есептелген Сыйақы өтелу үшін ақша шешіп алуға құқықты береді.

8.3. Қарыз сомасы мен есптелген сыйақының қайтарылуы Офертада көрсетілген күні Серіктестіктің банк шотына бір жолғы төлем жіберілу арқылы жүзеге асырылады.

8.4. Өтінім беруші/Қарыз алушы үшін қол жетімді болып отырған Қарызды төлеудің жолдары (оның ішінде Қарыз Шарттарын орындаудың жолы):

  1. Қолда жоқ ақшаны Серіктестіктің есптесу шотына аудару (комиссияның көлемі қызмет көрсетіп жатқан банктың тарифтарына сай есптеледі әрі оны Өтінім беруші/Қарыз алушы өтеу керек);
  2. www.moneybox.kz сайтындағы жеке кабинетке Өтінім берушінің/Қарыз алушының төлем картасының көмегімен ақша аудару жолы (комиссия алынбайды);
  3. Qiwi жүйесі арқылы төлеудің жолы (комиссия алынбайды).

8.5. Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз сомасын уақытынан бұрын қайтаруға құқылы. Уақытынан бұрын өтелу бір жолғы төлеммен жүзеге асырылады (оның ішінде Негізгі Қарыз және осы Ережелердің 7 тарауына сай Офертада /Қарыз Шартында орнатылған Қарызды қайтару мерзіміне сәйкес келетін Сыйақы да бар).

8.6. Кідірістің алдын алу мақсатымен Берешектің сомасының ақшасы алдан ала төлеуге кеңес беріледі. Өтінім беруші/Қарыз алушы үшін үшінші жақтар арқылы ақша аударған жағдайда төлемнің қабылдануы кідіріп қалуы мүмкін. Қолда жоқ ақшаны үшінші жақтар арқылы аударылғаны үшін комиссия не басқа төлемдер алынатын болса, Өтінім берушінің/Қарыз алушының өзі соның бәрін өтеуге тиіс.

8.7. Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестіктің банк шотына Берешектің жалпы сомасы аударған уақыт Қарыз қайтарылған әрі Қарыз Шарты бойынша жүктелген міндеттемелерінің бәрі орындалды деп саналады.

8.8. Өтінім беруші/Қарыз алушы ақша жіберген болса, Серіктестік сол ақшаны Қарыз Шартына сай Берешектің өтелуіне келесі кезектілікпен жібереді:

  1. Қарыз Шартына Өтінім берушінің/Қарыз алушының орындайтын міндеттемелеріне байланысты Серіктестіктің шығыны;
  2. өсімпұл сомасы (тұрақсыздық төлемі);
  3. Сыйақы;
  4. Негізгі қарыз.

8.9. Берешектің толық сомасы Серіктестіктің банк шотына түгел аударылған жағдайда ғана Өтінім берушінің/Қарыз алушының Серіктестіктің алдындағы Қарыз Шарты бойынша жүктелген міндеттемелері орындалды деп саналады.

9 Тарау. Қарыз шартын ұзарту тәртібі

9.1. Өтінім берушінің/Қарыз алушының өзіне Қарыз Шарты бойынша жүктелген міндеттемлерін уақытылы атқаруға жағдайы келмей жатса, Қарыз шартының мерзімі ұзартылуы мүмкін.

9.2. Қажет болған жағдайда, Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз Шартын пролонгацияның көмегімен орнатылған мерзімдерге (7 (жеті) және 14 (он төрт) күнтізбелік күнге) ұзарта алады.

9.3. Қарыз Шартын ұзарту (пролонгациялау) үшін келесідей шарттарды орындау керек:

  1. Өтінім беруші/Қарыз алушы Офертада (Қарыз Шартында) белгіленген әрі осы Ережелердің 3,5 ережесінде жазылған мөлшерлемеге сай ұзартылған әр күні үшін тұрақсыздық төлемінің сомасын Серіктестіктің банк шотына Қарыз Шартының соңғы күні аудару керек.
  2. Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестіктің сайтындағы Жеке кабинетті қолданып, пролонгацияға Оферта жіберу керек. Тұрақсыздық төлемі өтелгеннен кейін, Серіктестік тускен Офертаны тиісті хабарламаны Жеке кабинет немесе электрондық пошта арқылы (электрондық хатты жіберу арқылы) жіберіп, құптауға құқылы.

9.4. Қарыз мерзімі Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз Шартын ұзарту үшін жіберген Офертада белгілеген мерзімге ұзартылған болып есептеледі. Осындай жағдайда тұрақсыздық төлемі бірден есептеліп түседі. Сыйақы пролонгация кезінде есептелмейді. Пролонгацияның күшіне енген күніне дейін есептелген Қарызды және Қарыз пайдаланғаны үшін Сыйақының сомаларын қайтаратын ақырғы күні Қарызды ұзартудың мерзімінің соңғы күніне ауысып кетеді.

9.5. Егер Өтінім беруші/Қарыз алушы тұрақсыздық төлемін Серіктестіктің банк шотына уақытылы аудармаса, 9.3.1. сәйкес Серіктестік пролонгацияға жіберілген Офертаға Құптама беруден бас тартуға құқылы. Солай болған жағдайда Қарыз мерзімі ұзартылмаған болып есептеледі.

9.6. Өтінім берушінің/Қарыз алушының банк шотындағы ақшалай қаражат Қарызды өтеуге және осы Тараудың ережелеріне сай Қарыз Шартын ұзарту үшін жеткіліксіз болса, Серіктестік Өтінім берушінің/Қарыз алушының төлем банк картасынан Қарыз шарты бойынша келісілген Берешектің сомасының аясында кез келген соманы (бұның ішінде ең төмен сома) шешіп алуға құқылы.

10 Тарау. Жақтарға қарыз шартын бұззғандары үшін жүктелетін жауапкершілік

10.1. Қарыз Шартын бұзғаны үшін кінәлі Жақ жәбірленген Жаққа Қазақстан Республикасының әрекет етуші Заңнамасында қарастырылған тәртіппен келтірген залалдың орнын толтыруға тиіс.

10.2. Қарыз сомасы мен есептелген Сыйақыны Қарыз Шарты бойынша белгіленгендей уақытылы төленбесе, Өтінім беруші/Қарыз алушы Серіктестіктің талабымен уақытынан асырған әр күні үшін Қарыз сомасының 3 % (үш пайыз) -ының көлемінде өсімақыны (тұрақсыздық төлемін) төлеуге міндетті.

10.3. Тұрақсыздықақыны төлегені Өтінім берушіні/Қарыз алушыны Қарыз Шартының міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

10.4. Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз Шарты бойынша жүктелген міндеттемелерін 15 (он бес) күнтізбелік күннен артық орындамаған жағдайда, Серіктестік бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өтіну үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

10.5. Серіктестік өзіне тиесілі ақша сомасын қайтарып алу үшін және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының әрекет етуші Заңнамасында қарастырылған қажетті шаралардың бәрін қолдануға құқылы. Осыған байланысты шығындардың бәрін Өтінім беруші/Қарыз алушы өтеп жатады.

10.6. Егер Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарызды уақытынан асырып төлесе, немесе Қарыз Шартында белгіленген Берешектің сомасын толық өтеп тастауға жеткіліксіз ақшалай қаражатты аударса, Серіктестік Өтінім беруші/Қарыз алушы туралы осы жағымсыз мәліметті несие бюроларына жіберуге құқылы.

11 Тарау. Қорытынды ережелер

11.1. Жақтар өз қатынастарын бір-біріне сенім арту мен құпиялықтың принциптерінің негізінде құрып отырады.

11.2. Егер Жақтар Келіссөз кезінде келісімге келмесе, осы мәселе ЖШС <Алматы Арбитраж> орталығында оның Уақыт тәртібіне сәйкес қарастырылу керек. ЖШС <Алматы Арбитраж> орталығының шешімі үзілді-кесілді болып табылады. Төреліктің құрамына бір Төреші кіреді. Алматы қаласының істерді қарау жері ЖШС <Алматы Арбитраж> орталығының орналасқан жеріне сәйкес келеді. «Медиация туралы» ҚР Заңына сәйкес мекеме және қарыз алушы арасындағы даулар медиация келісіммен шешілуі мүмкін.

11.3. Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз Шарты бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерін орындамағанының кесірінен Серіктестік сот органдарына жүгінген жағдайда, Серіктестік пен Өтінім беруші/Қарыз алушы Берешектің өтелуіне қатысты Өтінім берушіге/Қарыз алушыға бұйрық өндірісімен (сот бұйрығы шығарылған жағдайда) ақша төлету рәсімі қолданылуы мүмкін екенімен келісетінін мойындаулары керек.

11.4. Осы Ережелерде қарастырылмаған басқа жағдайларда Жақтар Қазақстан Республикасының әрекет етуші Заңнамасын басшылыққа алып отырады.


Маған керек сома

Мерзімі

Сіздің алатын сомаңыз

21000

Дейін (қоса алғанда)

12

Қайтаратын сомаңыз

0