Обратный звонок RedConnect

Icon Created with Sketch. +7 (771) 781-33-45, +7 (771) 218-08-59

Тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

Осы құпиялылық саясаты ( әрі қарай Саясат) "Moneybox" ЖШС-гі (әрі қарай Серіктестік) және/немесе соның үлестес тұлғалары Серіктестіктің қызметтерін қолданған кезде, не соны қолдануға әрекеттенген кезде қолданушы жайлы алулары мүмкін мәліметтің бәріне(жеке дерекетердің бәріне) қатысты қолданылады. Бұл www.moneybox.kz сайтын ( әрі қарай Сайт) пайдалану арқылы ақшалай қарызды алған жағдайды да қамтиды. Саясат Серіктестіктің Директоры оны мақұлдаған кезден басап күшіне енеді.

Серіктестіктің қызметтерін пайдаланғаны пайдаланушының осы Саясатпен және онда көрсетілген жеке деректерінің өңделу шарттарымен сөзсіз келіскенін білдіреді. Серіктестік осы Саясаттың бөліктерін кез келген уақытта бір жақты тәртіппен өзгертудің, толықтырудың және/немесе алып тастудың құқықтарын өз құзырында қалдырады.Саясаттың барлық өзгерістері Серіктестіктің Директоры мақұлдама беріп, Сайтта орналастырылғаннан кейін күшіне енеді.

Осы шарттармен келіспеген жағдайда пайдаланушы Серіктестіктің қызметтерін пайдаланудан бас тарту керек.

1. Серіктестік жеке деректерді жинап, сақтап, өңдеуге құқылы

1.1. Пайдаланушы сайтта теркелген кезде және Анкетаны толтырған кезде немесе қызметтерді пайдаланған кезде ( бұл пайдаланушының жеке деректерін де қамтиды) өз бетінше берген жеке мәліметті Серіктестік жинап, сақтайды. Қарыз берілу үшін міндетті түрде беру керек мәлімет арнайы жолмен белгілніп қойылған. Басқа міліметті беру-бермеу пайдаланушының қарап шешуіне қалдырылады.

Сондай- ақ, Серіктестік Сайттың беттеріне кірген пайдаланушылар туралы сәйкестендірмейтін жеке мәліметті жинап алу құқығын өз құзырында қалдырады.Осындай мәліметке IP-адрес, cookieден алынған мәлімет, пайдаланушының браузері жайлы мәлімет (не болмаса Сайтқа кіруді қамтамасыз етіп отырған басқа бағдарлама туралы), кірген уақыт, сұраған беттің адресі мен пайдаланушының ғаламтор қызметін көрсетіп отырған провайдердің домендік атауы туралы мәліметтер кіреді .

Сондай- ақ, Серіктестік пайдаланушылардың қызмет көрсетуге тікелей қатысы бар мәліметін де сақтайды. Бұған жіберілген және келісілген оферта кіреді.

Серіктестік пайдаланушылар берген жеке мәліметтің дұрыстығын тексеру құқығын өз құзырында қалдырады. Өтірік мәліметті берудің салдарлары Офертада көрсетілген.

Пайдаланушы берген жеке мәліметін кез келген уақытта өзгерте алады. Сондай- ақ, жақтар көрсетіліп отырған қызметтің аясындағы өз уағдаластықтарын орындағаннан кейін, пайдаланушы жеке мәліметін өшіріп тастай алады.

1.2. Серіктестік жеке деректерді өңдеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жүзеге асырып отырады. Өңдеудің мақсатына қажетті жеке деректер ғана өңделеді. Серіктестікте өнделетін жеке деректердің мазмұны мен көлемі өңдегендегі мақсаттарға сай болады.

Серіктестік жеке деректерді қарызды беру мақсатымен өңдеп жатады.

Пайдаланушы Серіктестікке қызмет көрсету мақсатына берген кез келген жеке мәлеметі оның жеке меншігі болып қала береді. Жеке мәліметін беруімен пайдаланушы Серіктестікке сол мәліметті заңды мақсаттарға қолдануға құқықты береді. Нақты айтқанда, осындай мақсаттарға (бірақ осымен шектелмейді):

      1) Қарызды беру;

      2) Пайдаланушының рұқсатымен мәліметті үшінші жаққа беру;

      3) Қарыз Шартының уағдаластықтарының орындалуын қадағалау;

      4) Жарнамалық ұсыныстарды көрсету (бұл үшінші жақтардың ұсыныстары болуы да мүмкін).

2. Жеке мәліметті өңдеудің және оны үшінші жақтарға берудің шарттары

Жеке деректерді өңдеуді ұйымдастыру мен жасау кездерінде , Серіктестік жеке деректер туралы және оларды қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын басшылыққа алып отырады.

Серіктестік пайдаланушының жеке мәліметін (үшінші жақтарға) келесі жағдайларда беруге құқылы:

  • мәліметті беру пайдаланушыға қызмет көрсетілу үшін қажет әрі пайдаланушы сондай әрекеттерге келісімін берген болатын;

  • мәліметті беру Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған;

  • пайдаланушы Серіктестікпен жасасқан Қарыз Шартын бұзған жағдайда, Серіктестік өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін.

3. Пайдаланушылардың жеке деректерін қорғау

Пайдаланушылардың жеке деректерін қорғау үшін Серіктестік қажетті техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын жүргізеді. Осындай іс-шараларға мәліметке заңсыз не кездейсоқ қол жетукізудің алдын алу, сондай-ақ, қара ниетті адамдардың мәліметті өшірудің, өзгертудің, көшірудің, таратудың әрекеттерінің және/немесе олардың басқа заңсыз әрекеттерінің алдын алу шаралары жатады.

Жаңа технологиялар дамыған сайын, Серіктестік ақпаратты қорғау жүйесін жақсартып отырады.


Маған керек сома

Мерзімі

Сіздің алатын сомаңыз

21000

Дейін (қоса алғанда)

12

Қайтаратын сомаңыз

0